385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Абай мектебі ашылды

  • 282
  • UPD: 13:51, 01.09.2019

Нұр-Сұлтанда Абай мектебі ашылды. Салтанатты рәсімге Премьер-министр Асқар Мамин қатысты.

Үкімет басшысы отандастарымызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп ұжымына табыс тіледі. Биыл бұл білім ордасында мыңға жуық бала тәлім алады. Ауданда үш ауысыммен сабақ беретін 3 бірдей мектеп бар еді. Жаңа білім ордасының ашылуымен олардың мәселесі шешіліп отыр.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Құрметті оқушылар! Адам өмір бойы білім іздеуі тиіс. Цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізудің арқасында қазіргі таңда әлемде көптеген мамандық жойылып кетіп жатыр. Жаңалары пайда болуда. Сол себепті, сіздердің білім деңгейлеріңіз бәсекеге қабілетті әрі бүгінгі талаптарға сай болуы тиіс. Біз сіздерге сенеміз.

87 мектеп-гимназиясы тың жабдықтармен жарақталған. Мұнда виртуалды ғылыми зертханасы мен «жасыл технологиялар» кабинеті бар. Арнайы сыныптарға интерактивті тақталар ілінген. Оқушыларға білікті ұстаздар дәріс береді. Ал қашықта тұратын балалар мектепке арнайы автобуспен қатынамақ. Оны жеке кәсіпкерлер сыйға тартқан.

Хабар 24 телеарнасы