389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 14 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттады

  • 221
  • UPD: 13:53, 01.09.2019

Білім күні алғашқы қоңырау Ертіс өңірінің 350-ден астам мектебінде соғылды.

Білім беру ошақтарының барлығы жөндеуден өткізіліп, оқушыларды қабылдады. Ал Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде жаңа мектептің ғимараты есігін айқара ашты. Жаңа нысан қысқа мерзімде салынып, мұғалімдер мен балалардың игілігіне берілді.

Ақмарал Есімханова, тілші

- Кентке мемлекеттік тілде білім беру мектебі қажет болғандықтан, жаңа ғимарат салынды. Оны тұрғызуға небәрі 18 ай кеткен. Тарихқа көз жүгіртсек, 24 жыл бұрын жергілікті тұрғындар ауылда жаңа мектеп салу бастамасыз көтерген болатын. Жаңа ғимаратқа қаржы болмағандықтан, мектеп үшін тар мекеме бөлінген. Ауыл жұртшылығының арманы ширек ғасырдан соң орындалды. Айта кетейік, нысанның құрылысы барысын қамқоршылық кеңес те жіті бақылады.

Жобаның құны – 1 млрд 200 млн теңге. Ауыл мектебі 420 балаға шақталған. Сапалы білім мен саналы тәрбие алуға қолайлы жағдайлар жасалған. Бүгін 68 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Солнечный – жұмысшылар кенті. Алты мың тұрғыны бар елді мекен үшін бұл тамаша сыйлық болмақ. Ғимараттың жалпы аумағы 11 мың шаршы метрден асады. Мектеп 420 оқушыға шақталса да, қуаттылығын арттыруға мүмкіндік бар. Бүгінде оқушылар саны екі есе көп, себебі екі ауысымда оқиды. Мектепте заманауи құралдармен жабдықталған 23 кабинет, 180 орындық асхана, 270 орындық мәжіліс залы бар. Балаларға спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану үшін бар жағдай жасалған. Волейбол, футбол, теннис алаңдары бар.

Айта кетейік, өңір мектептерінде білім алатын оқушылар саны 108 мыңға жеткен, балалар саны былтырғы жылмен салыстырғанда жеті мыңға артқан. Ал 14 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет партаға отырды. Биылғы оқу жылының жағымды жаңалығы - облыста кадр тапшылығы жойылды. Осы жылы 500-ден астам жас пелагог ауыл-қалаларға аттанып, еңбек жолдарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы