389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы №29 орта мектебі Білім күнін ерекше қарсы алды

  • 307
  • UPD: 14:10, 01.09.2019

Биыл Қостанай облысында 13 жарым мың бірінші сынып оқушысы мектеп партасына отырды.

Алғашқы қоңырау үні 498 білім ошағында сыңғырлады. Барлығында салтанатты жиындар өтті. Білім күнін Қостанай қаласының нөмірі №29 орта мектебі ерекше қарсы алды.

Данияр Сұлтан, тілші:

– №29 мектеп дәл осы мереке күні есігін ашып отыр. Мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңырау соғылу салтанатына куә болған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Енді олар балалықты артқа тастап, оқушы атанып үлкен өмірге аяқ басқалы тұр.

Қаланың жаңа шағын ауданында орналасқан білім ошағы өзге ғимараттардан архитектуралық тұрғыда ерекшеленеді. Бір қанаты екі қабатты болса, екінші бөлігі үш қабаттан құралған. Нысанның құрылысы бірнеше жыл жүзеге асты. Оған 1,7 млрд теңге бағытталды. Заман талабына сай соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған мектеп 900 оқушыға арналған. Одан қалды 75 орындық шағын орталығы да бар. Жалпы білім ұясының ашылуы облыстағы үш ауысымды мектептер мәселесін жойды. Бұл проблема осы күнге дейін Қостанай қаласына тән болатын. Қазір облыста тағы екі мектептің құрылысы қарқын алды. Оларды келесі жылы қолданысқа беру жоспарланған. Қостанай қаласының жаңа Юбилейның шағын ауданында тұрғызылатын оқу ордасының сыйымдылығы 1200 орынға шақталады. Тағы бір мектеп Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылында бой көтермек.

Хабар 24 телеарнасы