389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді

  • 258
Қарағандыда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді

Қарағанды қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған жаңа заманауи мектеп бүгін қолданысқа берілді.

Екі тілді мектеп-лицей 1200 оқушы қабылдауға қауқарлы. Бүгінде 700-ден астам баланың құжаты қабылданған. Жаңа мектеп-лицей заман талабына сай, мұнда оқушылар робототехника, хайтекс, айти, кардодром және хореография-ритмика кабинеттерінде білім алады. Сонымен қатар жаңа білім ордасы техникалық бағытта болғандықтан, оқушыларға химия-биология мен математика жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылмақ. Жаңа мектеп-лицейдің 1-ден 4 сыныпқа дейінгі оқушылары сабақтан тыс қосымша тегін үйірмелерге бару мүмкіндігі алады. Айта кету керек, бүгін Қарағанды қаласында 65 мың оқушы алғашқы қоңырауға қатысты. Оның 8 мыңнан астамы – мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бірінші сынып оқушылары.

Рахат Қазтаев, №103 мектеп-лицей директоры:

– 20 сынып мемлекеттік тілде оқытылатын болады, ал 12 сынып орыс тілінде, 5 бірінші сынып қабылданды, оның үшеуі қазақ тілінде, екеуі орыс тілінде. Жалпы мұғалімдердің құрамы 100 пайыз қамтылған. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің саны 52-ні құрайды.

Хабар 24 телеарнасы