387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық 32 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

  • 235
  • UPD: 15:01, 01.09.2019
Алматылық 32 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Бүгін Алматыда 32 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Бірінші сыныпқа қабылдғанған бүлдіршіндердің ата-аналарының қуанышында шек жоқ. Ал оларға қалам ұстатып, әріп танытып, білім беретін ұстаздардың да көңілін шаттық кернеген. Өйткені осы айдан бастап еліміздегі 90 мың мұғалімнің жалақысы көтеріледі. Ал қаладағы 148 мектеп-гимназиясына бүгін 250 бала қабылданды. Алғашқы қоңыраудың сыңғырымен мектеп партасына отырған оқушылардың оқулықтары түгел жеткілікті. Шаһарда орта білім беретін мемлекеттік 185 мектеп бар. Сондай ақ бүгін Алатау ауданында және 4 мектеп ашылды. Ал мектеп жасындағы бала саны – 258 мың.

Фатима Алиакбарова, №148 мектеп-гимназияның директоры:

– былтырғы оқу жылын жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Мектебімізде 9 оқушы алтын белгімен аяқтады. 73 бала мектеп бітірді. Соның 54 баласы мемлекеттік грант алды. Және биылғы оқу жылында біздің мектепке 250 бала бірінші сыныптың табалдырығын аттап отыр. Бұл да біз үшін үлкен жауапкершілік және бұл балаларға біз сәтті қадам тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы