385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б. Сапарбаев: Кез келген мемлекеттің дамуы азаматтарының білімі, мәдениеті мен тәрбиесіне байланысты

  • 223
  • UPD: 15:22, 01.09.2019

Егемендік жылдары елімізде мыңнан аса жаңа мектеп салынды.

Білім алатын оқушылардың саны биыл үш миллионға жуықтаған. Оның 400 мыңдайы бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Елорда іргесіндегі Жібек Жолы ауылында өткен алғашқы қоңырау салтанатында Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осындай дерек келтірді. Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте бір мыңнан аса оқушы білім алады. Оның 137-сі бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Биыл мектепке облыстық бюджеттен 158 миллион теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілген. Атап өтейік, облыста 550-ден аса мектеп жұмыс істейді. «Кез келген мемлекеттің дамуы азаматтарының білімі, мәдениеті мен тәрбиесіне байланысты. Сол себепті әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінуде», - деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев, премьер-министрдің орынбасары:

– Елбасының тапсырмасы бойынша жақында ғана Үкімет ұстаздардың мәртебесін артыру жөніндегі заң жобасын Парламентке өткіздік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы да өсетін болады.

Бұдан бөлек, Бердібек Сапарбаев Жібек жолы ауылындағы көп балалы отбасында болды. Дәрігерлік амбулаторияда, «Бөбек» балабақшасында және жиһаз фабрикасында болып, атқарылып жатқан жұмысымен танысты.

Хабар 24 телеарнасы