389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім күні Қостанай қаласында да жаңа мектеп игілікке берілді

  • 232
  • UPD: 20:03, 01.09.2019

Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған оқу ордасы 900 оқушыға шақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек ғимарат ішінде 75 бүлдіршін үшін шағын орталық бар.

Қаланың жаңа шағын ауданында ашылған білім ошағы өзге ғимараттардан архитектуралық тұрғыда ерекшеленеді. Бір қанаты екі қабатты болса, екінші бөлігі үш қабаттан құралған. Оның құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалды.

Жанар Қушанова, қалалық №29 орта мектеп директоры:

Бұл бізде инклюзивті кабинет. Бұл кабинетте 13 бала оқиды. Өздері бөлінген. Бұл балалар басқа кабинеттерде жалпы мектептік балалармен оқиды да, кейбір сағаттарын осында өткізеді. Олардың ерекше өздерінің тьюторлары бар. 13 балаға 13 тьютор.

Оқушылар мектепте қыш өнерінің қыр-сырын меңгере алады. Балшықпен түрлі фигуралар, ыдыстар жасап, кейін осы саланың хас шебері болуларына  жол ашылады. 

Мырзакелді Ақмұхамедов, қалалық №29 орта мектеп мұғалімі:

Көзеші ұршығы бар бізде. Олардың саны 12. Бұл білдектен құмыралар, гүлсауыттар шығады. Қалай істейтінін көрсетейін. Бір басқышты аяқпен басамыз. Айналдырып іске қосамыз. Сосын бәсеңдетеміз. Қолмен істеп толтырады балшықпен. Құмыра шыққанда оны муфельді пеште күйдіреміз.

Жалпы білім ұясының ашылуы облыстағы үш ауысымды мектептер мәселесін жойды. Аталған проблема осы күнге дейін Қостанай қаласына тән болатын.

Василий Цымбалюк, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Үш ауысымдық жүйемен мектеп алды даярлықтағы сыныптар оқып келді. Орын тапшылығы мәселесі де шешілді. Облыс бойынша барлық мектептер 100% мұғалімдермен қамтылды.

Қазір облыста келесі жылы қолданысқа берілетін тағы екі мектеп бой көтеріп келеді. Қостанай қаласында 1200 орындық білім ұясы тұрғызылса, Әулиекөл ауданында 320 оқушыға лайықталған мектеп салынады.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы