386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде 4600 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады

  • 168
  • UPD: 22:07, 01.09.2019

Өскеменде бүгін 4600 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында қазір олардың заман талабына сай білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Білім беру мекемелерінің саны болса жыл санап артып келеді. Мәселен, бүгінгі білім күніне орай қалада 1000 орындық  мектеп ашылды.

19-шағын аудандағы ата-аналар үшін бүгін қуанышты күн болды.Білім күні мерекесінде жаңа мектеп ашылды. Енді мұндағы тұрғындар балаларын бұрынғыдай қала орталығына тасып әуреленбейді.

Күләш Сержанова, аудан тұрғыны:

- Үйіміз тура міне, іргесінде тұр. Қазір «балам жолдан өтеді-ау» деп қорықпаймыз. Есіктен шығарамыз да, мектебіміздің жанымызда болғаны қандай жақсы болды.

Жаңа білім ордасының құны 2,5 миллиард теңгеден асады. Мекеме барлық заманауи талап талабынан шығады. Осы маңда 3 жыл бұрын ғана ашылған №46 орта мектептегі оқушылар саны межеден екі есе асып кеткен еді. Енді сол жақтан 600 бала мен 33 мұғалім осы жаңа мектепке ауысып келді.

Шынар Мажинова, №48 орта мектеп директоры:

- Балаларды сабақ кестесі бойынша қазір бір ауысымға сыйғызып отырмыз, оқушылар 1000 бала. Бүгінгі  күні 1-сыныпқа 8-сынып оқушы бізге келіп отыр.

Мектеп қосымша білім беру орталығы деп аталғандықтан атына сай   онда көптеген сециялар мен үйірмелер жұмыс істейді.Сондықтан сабақтан кейнгі уақыттарын балалар тиімді өткізе алады.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Енді тек қана бізге сапалы білім керек, неге десеңіз, қазір біздің халықтың деңгейін жеткізуіміз керек. Біздің халық тек қана бір жолмен бәсекелі болады. Ол жолдың аты – білім.

Облыста бұл тұрғыдағы жұмыс бір жүйеге қойылған. Назарбаев зияткерлік мектебі мен Нұр Орда сынды білім мекемелері бәсекеге қабілетті  рпақ тәрбиелеудің ерекше үлгісін көрсетіп келеді.

Айта кету керек, қазан айында тағы бір жаңа мектеп қолданысқа беріледі,осылайша, жалпы биыл қала мектептерінде 3 мыңға жуық орын ашылады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы