387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім күні Атырауда бес жаңа мектеп ашылды

  • 189
  • UPD: 08:52, 02.09.2019

Білім күні Атырауда жаңадан салынған екі мектептің есігі  айқара ашылды. «Жұлдыз» ықшам ауданында 600 орындық және «Нұрсая» ықшам ауданында 900 орындық мектептің ұжымы оқушыларды қабылдады.

Сонымен қатар аудан орталықтарында тағы 3 жаңа білім ұясы қолданысқа берілді. Жалпы облыста орта білім беретін 195 мектеп бар, онда 130 мың бала білім алады. Сондай-ақ оқулық сатып алуға биыл бюджеттен 1 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл жеткілікті дейді мамандар.

Жансұлу Төремұратова,  облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Үш ауысымдық мектептің проблемалары бар облыста. Соның ішінде тағы да айтамын облыс орталығында ең күрделі жағдай. 13 мектепте үш ауысымда әлі сақталып келеді. Бірақ 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Үстіміздегі жылы 5 мектептің құрылыс аяқталады жалпы осы оқу жылында. Сол салынып жатқан 11 мектептің 6-ы облыс орталығында.

Хабар 24 телеарнасы