389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі толық шешілді

  • 243
  • UPD: 14:20, 03.09.2019
Қостанай облысында үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі толық шешілді

Қостанай облысында үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толық шешілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Қостанай қаласындағы мектеп алды даярлық сыныптары үш ауысымда оқып келген. Әуежай ықшам ауданында жаңа оқу ордасын пайдалануға беру есебінен бұл мәселеде шешімін тапты.

Айта кету керек, алғашқы қоңырау үні өңірдегі 498 білім ошағында сыңғырлады. Олардың 68%-і бүгінде шағын жинақты саналады.

Василий Цымбалюк, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Бүгінде сол 68%-нің 30%-інде оқушылар білім алып жатыр. Әрине, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж түлектері есебінен барлық мектептер мамандармен қамтылды. Кадр жетіспеушілігі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы