385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында білім беру саласын цифрландыруды жандандыру қажет

  • 109
  • UPD: 08:35, 12.09.2019
Жамбыл облысында білім беру саласын цифрландыруды жандандыру қажет

Жамбыл облысында орта білім беретін мектептерді толықтай цифрландыруға көшіру үшін бірқатар мәселені шешу керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес бүгінде өңірде 11 мыңға жуық пән кабинетінің 79%-і компьютермен қамтылған. Алайда, оқушыларға жаңартылған мазмұнда білім беру үшін маңызды құрал саналатын интерактивті тақта жеткіліксіз. Қазір аймақтағы білім ошақтарында негізінен биология, математика, химия, физика сияқты кабинеттер жарақтандырылып отыр. Әлі күнге дейін 57 мектепте мультимедиялық кабинет жоқ. Облыстағы 442 мектеп «Күнделік» электрондық жүйесіне 100% қосылған. Дегенмен, күні бүгінге дейін ескі әдіс бойынша журнал толтыратын мектептер бар. Мұндай мәселе негізінен интернет желісінің жылдамдығы төмен шалғай ауылдарда кездеседі.

Жәмиля Бекбатырова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Интерактивті тақталарды, мультимедиялық құрылғыларды алуымыз керек. Осы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде біздің жоспарымызға сәйкес жабылатын бастауыш мектептер бар. Бұл жерде оқушы санының көбеймеуіне байланысты демографиялық өсім болғандықтан, алдағы 4-5 жылда жабылады деп отырған мектептерге біз әлі алған жоқпыз. Осындай мектептер бар.

Хабар 24 телеарнасы