386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы 12 мектепте IT-сынып ашылды

  • 140
  • UPD: 09:20, 12.09.2019
Түркістан облысындағы 12 мектепте IT-сынып ашылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысы Келес ауданында 12 ауылдық округтегі 12 мектепте IT-сынып ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құны 90 млн теңге болатын жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Қазір осы бағытта қызу жұмыс жүріп жатыр. Әрбір IT-сынып 10 заманауи компьютермен, интерактивті тақта, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет және қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Ауданнан әр мектепке бір бағдарламашы бөлінген. Жобаның мақсаты - балалардың қазіргі заманға сай білім алуына мүмкіндік жасау. Оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады.

Бақтияр Әбдиев, Келес аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

- Әрбір сыныпқа флешка берді. Флешкада әрбір пән бар, оқушы өздігімен жұмыс істей береді. Тапсырма беріледі, тапсырманы қалай орындайды? 5-ке орындаса, 5 деген баға қойылады. 4-ке орындаса, 4 қойылады. Алғашында мұғалімдерді де тексеріп алдық Сынып журналдың өзі осының ішінде бар. Қойылған бағаны ата-ана Kundelik.kz деген бағдарламамен көріп отыра береді.

Хабар 24 телеарнасы