386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде білікті маман даярлаудың стратегиялық бағыттары талқыланды

  • 104
  • UPD: 22:56, 12.09.2019

Бизнес саласына ғаламдық  даму көшінен қалыспайтын білікті мамандарды дайындау тетіктері. Өскеменде Қазақстан-американ еркін университеті қабырғасында осындай сұрақты талқылаған алқалы жиын өтті.

Оған АҚШ, Европа, ТМД елдерінің ғалымдары мен кәсіпкерлері қатысты. Осылайша бүгінгі дейінгі жоба нәтижелері талқыланып, үш тілді оқыту жүйесінің тиімділіктері жайлы айтылды.

Қазақстан-американ еркін университеті мемлекетпен мықты әріптестік орнатып келе жатқан оқу орыны. Өлкеде  үш тілді оқыту бағдарламасының дамуына аталған білім ошағы айтарлықтай үлес қосып келеді. Облыстағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері осы жерде біліктіліктерін шыңдайы. 25 жылдық тарихы бар университет енді ақпараттық технология  бойынша дәріс беретін мамандарды дайындауға ден қоймақ.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- 25 жылдың ішінде тамаша мамандар, мамандықтар болды, осы 25 жыл ішінде  12  мың  маман шықты, оның ішінде 4  мың баламыз, азаматымыз тек ғана қазақ, ағылшын, орыс тілді жақсы білетін. Сол себептен бұл енді сөзсіз үлкен тамаша жұмыс.

Үш тілді меңгеру-заман талабынан туындаған жайт. Осы орайда жастарға халықаралық бағдарламалар бойынша білім беру жоғарғы оқу орнының басты міндеті. 

Дэниэл  Бэлласт, Қазақстан-американ еркін университетінің вице-президенті: 

- Біз қазақ, ағылшын, орыс тілін меңгеруге ерекше мән береміз. Сондай жастарды оқытып жатырмыз. Олар әлемнің қай жерінде болсын өздеріне жұмыс таба алады.Тіпті шет елдік ірі компаниялармен жұмыс істеуден де тайынбайды.

Ақпараттық технология  заманында адаспай өз жолын тауып, кез-келген кәсіппен айналысатын мамандарды әзірлеу үшін қандай тұстарды ескеру керек. Жиналғандар осы сұраққа тереңірек үңілді. Цифрлы Қазақстан бағдарламасын бағытқа алған еліміз үшін де бұл  сұрақтың маңызы зор.

Марина Кикина, Қазақстан-американ еркін университетінің проректоры:

- Дәл қазір біздің қоғамда бар жайттарға көңіл аударған дұрыс. Осындай  бірлескен талқылаудан соң ғана ортақ бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл еліміздің дамуы үшін маңызды қадамдар деп ойлаймын.

Қазіргі бизнес әлемі  цифрландыру жүйесіне  толық тәуелді деуге болады.Сондықтан жиналғандар бүгінгі жас маманның ертеңгі білікті кәсіпкер болуы үшін ең маңызды стратегиялық бағыттарды да анықтады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы