385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы білім ордасы Назарбаев Университетінің оқу бағдарламасын енгізеді

  • 188
  • UPD: 09:40, 14.09.2019
Павлодардағы білім ордасы Назарбаев Университетінің оқу бағдарламасын енгізеді

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті аймақтық жоғары оқу орындары арасында алғаш болып Назарбаев университетінің білім беру бағдарламасы мен басқару технологиясын енгізеді.

Жуырда өңірге Нұр-Сұлтан қаласынан бір топ делегация барды. Олар оқу ордасының қабырғасында өткен «Білім саласындағы көшбасшылық» атты екі күндік семинарға қатысып, заманауи білім үлгілерінің инновациялық әдіс-тәсілдерін талқыға салды. Семинар-тренингтің басты мақсаты халықаралық университеттердің тәжірибесімен алмасуды көздейді. Бұл бағытта педагог кадрлар даярлайтын Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің де үздік тәжірибелері негізге алынатыны сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің білім сапасын арттыруға қатысты редизайн жасалады. Атап өтерлігі, еліміз бойынша ұстаздар даярлайтын жеті оқу ордасының ішінде Павлодар мемлекеттік университеті білім сапасы жағынан екінші орында келеді.

Жаңыл Жонтаева, Назарбаев университеті жоғары білім беру мектебі, қосымша білім беру департаментінің директоры:

- Жалпы барлық университеттердің барлығының жаңартылып жатқанын, жақсы білесіздер. Осы жөнінде үлкен дискуссия әңгіме болатындығы сонымен бірге талант менеджменті, бүгін басшылықтағы қандай өзгерістер болатындығы сонымен бірге көптен айтып жүрген мына зерттеу жұмыстары қалай жүру керек осы бағыттарда екі күндік басқосу болады деп есептейміз. Нәтижесі де жақсы болу керек. Өйткені екі университеттің де өзінің тәжірибесі бар, өзінің орыны бар мемлекеттегі университеттер.

Алтынбек Нұхұлы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:

- Мынау ғылыми мәселе, ұйымдастырушылық жағы тағы басқа көптеген жұмыстардың бәрін өзгерту үшін осы университеттің, Назарбаев Университетінің үлгісін өзімізге қолдана білсек деген оймен жасалып жатқан семинар.Сондықтан да бұл семинардың нәтижесі жақсы жағынан болып көрсетеді деген ойымыз бар және соған жету жолында жасалатын жұмыстар деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы