389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысы қосымша оқу грантының санын арттырып келеді

  • 184
  • UPD: 13:02, 17.09.2019

Ақмолалық талапкерлерге жергілікті әкімдіктен бөлінетін қосымша оқу гранттарының саны жыл санап көбейіп келеді.

Мәселен, 2017 жылы педагогикалық мамандықтарға 100 грант қарастырылса, былтыр болашақ ұстаздар мен дәрігерлерге 150 грант бөлінген. Ал бұл көрсеткішке биыл республикалық бюджеттен тағы 86 грант қосылып, аймақта 200-ден астам бала тегін оқуға мүмкіндік алды. Олардың көпшілігі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары. Ал мұндай грантқа ие болған студенттер, Көкшетаудағы жоғарғы оқу орындарында білім алады. Стипендия да қарастырылған. Келісім-шарт бойынша олар оқуларын бітірген соң өз мамандықтары бойынша өңірде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. 

Валерий Гамазов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Биыл талапкерлердің көбі педагогикалық мамандықтарды таңдады. Дегенмен, жастар, медицина, экономика және қаржы, құқықтану секілді басқа да мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік алды. Яғни грант бұрынғыдай тек педагогикалық және медициналық мамандықтарға ғана бөлініп жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы