389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы мектептеріндегі асханалар санитарлық талапқа сай болмай шықты

  • 167
  • UPD: 14:56, 17.09.2019
Алматы мектептеріндегі асханалар санитарлық талапқа сай болмай шықты

Алматының бірқатар мектебіндегі асханалар санитарлық нормаларға мүлдем сай болмай шықты. Жыл басынан бері сондай 27 мектеп анықталды.

Ауру астан демекші, мектепте білім беретін 7 ұстаздың өкпе ауруына шалдыққаны да белгілі болды. Бұл жөнінде тексеріс нәтижелерін жариялаған Алматы қалалық тауарлар,  көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Орта мектептердегі туберкулез дертіне ұшырағандар былтыр да анықталған. Бірақ бұл жолы олардың қатары артып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл келеңсіздік қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу сапасының төмендігі мен уақытылы дәрігерге қаратпауларынан туындады. Ал мектеп оқушылары арасында өкпе дертімен ауыратын 18 жеткіншек диспансер тіркеуіне алынды.

Айзат Молдақасымова, қалалық тауарлар,  қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

-Мектептер мен жалпы білім беретін мекемелерде туберкулез профилактикасын қадағалау өте нашар. Барлық мектепте  медицина мамандары бар. 28 пайызында дәрігерлер, қалғанында медбикелер жұмыс істейді. Дегенмен, бар жауапкершілік қызметкерлерінің денсаулығына алаңдамайтын және олардың ахуалын қадағаламайтын мекеме басшыларында деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы