389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық студенттер арасында «Таза сессия» акциясы басталды

  • 310
  • UPD: 14:34, 18.09.2019

Оралда жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Таза сессия» атты акция жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Білім беру ұйымдарындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою мәселесі өткір күйде», - дейді ұйымдастырушылар. Анонимді әдіспен жүргізілген сауалнамада студенттерден сыбайлас жемқорлық әрекеттерге байланысты ой-пікірін жасырмай айтуы сұралды. «Жасотандықтар» дайындаған сауалнама 38 сұрақтан тұрады. Жастар қанатының мүшелері оларды облысымыздағы ең ірі 2 жоғарғы оқу орнына таратып, 500-ден аса студентті қамтымақшы. Жыл соңына дейін жалғасатын акция аясында университеттер мен колледждер жатақханаларының жай-күйіне де мониторинг жасалмақ.

Жандос Жармұхамедов, Жәңгір хан атындағы БҚМУ студенті:

- Өз басым және басқа да студенттер осыған шын жауап береді деген сенімдемін. Қазір бізден ақша алған мұғалімдер, жоғарыда отыратындар олар кейін болашақта біздің іні-қарындастарымыздан да алуы мүмкін. Сондықтан білімге өзінің зиянын тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан сыбайластыққа қарсы болып, ақша бермеу керек, оқу керек.

Ерлік Шамғалиев, «Jas Otan» жастар қанаты БҚОФ төрағасының орынбасары:

- Соған орай қай университетте жемқорлыққа қарсы немесе осы фактілер тіркелген жағдайда республика көлемінде рейтингтерін шығарып, сол олқылықтарды жою мақсатында  бағытта жұмыстар жүргізілетін болады. Биылғы жылдың бір ерекшелігі – кез келген осы университет алаңында жүрген студентке барып, кенеттен жүргізе аламыз да.

Хабар 24 телеарнасы