389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғар ауданында «Жігер» әскери-патриоттық лагері басталды

  • 252
  • UPD: 22:16, 18.09.2019
Талғар ауданында «Жігер» әскери-патриоттық лагері басталды

Алматы облысының Талғар ауданында дәстүрлі «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері басталды.

Жиынның мақсаты-жас өрендер бойында патриоттық сананы қалыптастыру. Төрт күнге жоспарланған шарада еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген әскери-патриоттық клубтар мен бірлестік мүшелері бірнеше жарыстарға қатысады. Соңғы күні сарбаздар өмірімен танысып, Құрлық әскері институтында болады.  

Жасұлан Қуандық, Алматы студенттер альянсы корпоративтік қорының атқарушы директоры:

- Бұл жоба біткеннен кейін біз міндетті түрде кері байланыс жасайтын боламыз қатысушылармен. Қандай әсер алды? Жоба барысында, басталмас бұрын, қатысушылардан міндетті түрде анкета-сауалнама толтыртып алдық. Лагерь басталғанға дейінгі олардың ой өрістері және сезімдері қандай. Лагерь біткеннен кейін де фидбәк, яғни қайта байланыс орнататын боламыз. Анкета толтыртып, әлеуметтік желілер арқылы олардың негізгі өзгерістері мен ойын білуге мүмкіндік аламыз.

Хабар 24 телеарнасы