389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев халықаралық QS WorldWide білім форумына қатысты

  • 310
Б.Сапарбаев халықаралық QS WorldWide білім форумына қатысты

Бүгін Алматыда Халықаралық QS WorldWide білім форумы өтіп жатыр.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев форумға қатысушылардың барлығын маңызды әрі қажет шарамен құттықтады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ол Премьер-Министр Асқар Маминнің құттықтау хатын оқып берді:

«Бүгінгі саммиттің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал ету» бағдарламасының тұрақты даму бойынша жаһандық хабы саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында өтуінің символдық мәні зор. 

Еліміз білім және ғылым жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін шешуде. Университеттерге академиялық дербестік берілді. Бұл шаралардың барлығы университеттердің ғылыми білім беру, технологиялық және гуманитарлық кеңістіктегі ықпалын арттыруға бағытталған».

Б.Сапарбаев Форумның Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтуінің өзіндік мәні бар екенін атап өтті:

«Келер жылы Қазақстан екі ағартушы – Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өтеді. Бүгінгі конференцияны осынау ұлы ғұламалардың мерейтойлары қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі деп атауға әбден болады», – делінген хатта. 

Айта кетерлігі, форумға қатысушылар есімі университетке берілген ұлы Ойшылдың мәдени мұрасына арналған Әл-Фарабидің музейінде болды. Музейге құнды материалдар мен әлем музейлері мен кітапханаларындағы түпнұсқа экспонаттарының көшірмелері және заманауи Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жаңғыруы, рухани және ғылым-білім саласын дамыту, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда еліміздің мәдени мұрасын сақтау және тиімді қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды құжатты материалдар қойылған.

Хабар 24 телеарнасы