389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы Энергетика және байланыс университеті консорциум құру мүмкіндігіне ие болды

  • 206
  • UPD: 19:43, 30.09.2019

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс университеті Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымдастырған «Өнімді инновацияларды ынталандыру» байқауында жеңімпаз атанып, өндірістік консорциум құру мүмкіндігіне ие болды. Жоба оқу орны мен салалық өндіріс орындары арасындағы байланысты нығайтпақ.

Алматы энергетика және байланыс университетінде құрылған консорциум  екі ірі жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыс істеуде. Оның біріншісі - энергия шығынын азайту. Екіншісі - жүйеаралық электр желілерінің тұрақтылығын арттыру. Атап айтқанда жүктемені Қазақстанның солтүстік аймағынан оңтүстікке тасымалдау. 

Алмаз Саухимов, Ғ.Дәукеев атындағы АЭБУ ғылыми инновациялық қызмет жөніндегі проректоры:

-  Бұл жобаның мәні - желінің тұрақтылығын және ұзақ қашықтыққа электр қуатын беруді барынша арттыру үшін электр станциялары генераторларының параметрлерін қарастыру. Автоматты басқарудың дұрыс орнатылуы - жүйеаралық электр желілерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 Консорциум құрамында қазақстандық кәсіпорындардан бөлек, ресейлік институт та бар. 9 айдағы белсенді жұмыс нәтижесінде тағы екі ұйым консорциум құрамына кіруге ниет білдірген. Олар Алматы энергетика және байланыс университетінің ғылыми жобаларын өндіріске енгізуге дайын. Жоба электр шығынан азайтып қана қоймай, апаттың алдын алуға да септігін тигізеді дейді зерттеушілер.

Айбек Мұрат, Ғ.Дәукеев атындағы АЭБУ докторанты:

- Электр энергия процестері өте жылдам өтеді. Сондықтан қазіргі тұрған мониторлық аппараттар дұрыс анализ жасай алмайды, сондықтан біздің желі 1 секундта 50 рет тексеретін желіні қондырдық. Сол арқылы біз неше түрлі процесстерді көріп, оларды диагностика және анализ жасауға болады. Нешетүрлі аварияларды анализ, зерттеу жасауға болады осындай желімен.

Алматы энергетика және байланыс университеті жобаның ауқымын кеңейтіп, болашақта көрші елдердің нарығына шықпақ ниетте.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы