389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ет жемегеннен ешбір пайда жоқ – Ғалымдар

  • 401
  • UPD: 11:42, 02.10.2019

Стейк мәзірге қайта оралды. Себебі ет жеуді азайту адам ағзасына ешқандай да пайда әкелмейтін көрінеді.

Соңғы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы осындай. Сараптамаға қатысқан 54 мың адамға етті аптасына 3-4 рет пайдалануға рұқсат берілген. Адамдардың ағзасы одан ешқандай ауыртпашылық көрмейді екен. Зерттеулер Солтүстік Америка мен Еуропа тұрғындары үшін жүргізілді. Сараптама процесіне жетекшілік еткен Канададағы Далхаузи университетінің профессоры Брэдли Джонсон ет қолданысы қатерлі ісік, диабет немесе жүрек ауруларын тудырады деген пікір жаңсақ деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы