389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асхат Аймағамбетов: Білім саласын оң өзгерістер күтіп тұр

  • 282
  • UPD: 20:50, 02.10.2019

Білім саласында қаржыландыру біркелкі емес.

Өңірлік басқарудың қазіргі жүйесі тиімсіз. Осыған орай, бұл функцияларды аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек. Білім берудің барлық сатысына дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында осы мәселелерге назар аударуды тапсырған еді. Міне жолдаудың жарияланғанына тура бір ай өтті. Осы уақыт ішінде қандай істер атқарылды? Білім және ғылым министрінің айтуынша, саланы оң өзгерістер күтіп тұр. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Атап айтқанда, тарихи шешім аудандық, қалалық білім бөлімдерін облыстық білім бөлімдерімен бірге жұмыс істету бойынша. Ол қаржы мәселесі, басқару мәселесі бойынша. Бұл біздің білім саласына үлкен үлес қосады, деп сенеміз. Сондықтан осыған қатысты заңнамаға өзгерістер дайындадық. Қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы