389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үздік ұстаздар марапатталды

  • 185
Елордада үздік ұстаздар марапатталды

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында білім саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Білім мен тәрбие саласында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін елорданың үздік ұстаздарына арналған мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты. Басқарма басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кәсіби мереке қарсаңында елорданың 200-ден аса мұғалімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталады. Айта кетейік, мұғалімдер мен педагогика саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың есімі «Елордалық білімнің алтын қоры» атты кітапқа енетін болды. Ұстаздар қауымына арналған салтанатты шара ҚР еңбегі сіңген қайраткері Ардақ Балажанова мен саксафоншы Ержан Дүйсенбин, Қазақ Ұлттық хореография академиясы әртістерінің, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының балалар шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.

Хабар 24 телеарнасы