389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біртанов өзін отставкаға кетуге шақырған студенттерге жауап қайтарды

  • 240
  • UPD: 21:34, 03.10.2019

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзін отставкаға кетуге шақырған студенттерге жауап берді.

Таяуда әлеуметтік желіде «Біртанов кетсе, мен дәрігер боламын!» деген үндеу жасаған жас мамандардың видеосы жарияланды. Онда жас дәрігерлер өз қаражатына резидентураға түскенін. Алайда, заң талаптарына сай оқудан шығарылып жатқанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Денсаулық сақтау министрі жекеменшік білім беру орындарына мемлекеттік грантпен оқыған студенттерді ақылы бөлімге қабылдауға  болмайтынын алға тартты.

«Бірақ Алматы қаласындағы кейбір жекеменшік университеттер осы шешімді бұзып, студенттерді қабылдап, кейін қайтадан оқудан шығарып жатыр. Бұл жас мамандар үшін әрине қиын жағдай», - деді Біртанов.

Сонымен қатар министр тығырықтан шығудың заңды жолдарын ұсынды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Заң бойынша екі шешім бар. Оқудан шығып, мемлекет жіберген жерге барып жұмысқа кіресің немесе Білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығы арқылы мемлекет төлеген ақшаны қайтару. Сондай жағдайда олар босатылады. Әрі қарай жұмыс істей ме, өз қаражатына оқиды ма оған ешқандай қарсылық жоқ.  

Заң талаптарына сәйкес, мемлекет есебінен оқыған студенттер арнайы комиссия белгілеген жерде  үш жыл жұмыс істеуге міндетті. Жалпы биыл бес мыңға жуық жас маман интернатура мен резидентураны бітірді. Мемлекеттік комиссия шешімімен олардың екі мыңнан астамы ауылдық жерге жұмысқа жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы