389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда еліміздің үздік педагогтары марапатталды

  • 213
  • UPD: 21:32, 03.10.2019

Еліміздің кіл мықты ұстаздары бүгін елордада марапатталды. Оны «Үздік педагог» атанды. Өзге де білікті де

білімді мұғалімдерге арнайы алғысхаттар мен төсбелгілер берілді. Тегіннен тегін емес. Бәрі де ұлағатты қызмет жолында еселі еңбек етіп, көзге түскендер. Ұзын ырғасы 3700-ден аса жұмыс қабылданған. Балабақша тәрбиешелері, мектеп мұғалімдері, колледждердің оқытушылары өз аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Салтанатты кеште сөз сөйлеген білім және ғылым министрі алдағы уақытта қабылдануы тиіс «педагог мәртебесі туралы» заңға тоқталды. Осы құжат шеңберінде 3 триллион теңге бөлінбек. Бұл жалпы білім саласына жасалып отырған зор қолдау болады. Проблемалар жоқ емес. Барлығын білеміз. Мәселені мұғалімдермен, ата-аналармен, қоғаммен бірге шешеміз» деді Асхат Аймағамбетов. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алғаннан бастап, білім, ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында білім, ғылым саласын дамытуға үлкен назар аударып, біздің алдымызға нақты мақсат-міндет қойды. Биылғы жылы Тамыз конференциясынада Мемлекет басшысы өзі қатысып, ұстаздарға алғысын білдірді. 4 жыл ішінде ұстаздардың жалақысын 2 есе көтеру, білім саласын дамыту бойынша үлкен мақсат жүктеді. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. 

Гүлсім Нәдірова, Маңғыстау облысы Өтес орта мектебі география пәнінің мұғалімі:

- Бүгінгі үздік педагог шарасында 60 тан аса мұғалім марапатталып жатыр. Өте қуаныштымыз. БҰл бізге үлкен жауапңкершілік жүктейді.

Хабар 24 телеарнасы