389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды

  • 421
  • UPD: 09:55, 04.10.2019
Елордада «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды

Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо БҒМ-ға сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мұғалімдер және білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты.

Айта кеткен жөн, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысып, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және «Үздік педагог» белгісімен марапатталған.

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқау жеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен «Қазақстан мұғалімі» сыйлықақысы берілді. Аталған сыйлықақы Нұр-Сұлтан қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер мырзаға табысталды. Ендігі кезекте, жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс «Әлем мұғалімі – 2020» халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

«Үздік педагог – 2019» республикалық конкурсы жеңімпаздарының тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы