389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық педагог «Әлем мұғалімі – 2020» халықаралық конкурсына жолдама алды

  • 183
  • UPD: 16:18, 04.10.2019
Елордалық педагог «Әлем мұғалімі – 2020» халықаралық конкурсына жолдама алды

Нұр-Сұлтан қаласында «Әлем мұғалімі-2020» халықаралық конкурсына қатысатын мұғалімдерді анықтаудың ұлттық кезеңі мәреге жетті.

Қазылар алқасының шешімімен математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордада ұстаздар күніне орай, «UZDIK PEDAGOG 2019» конкурсының биылғы жеңімпаздары, білім саласының үздіктері 64 мұғалім марапатталды.

Биылғы мерекелік іс-шарада «Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту» қорының негізін қалаушы - Әлия Назарбаева «Қазақстан мұғалімі» сыйақысының иегерін және еліміздің атынан «Әлем мұғалімі-2020» халықаралық конкурсына қатысатын ұстаздың есімін жариялады.

Іріктелген 11 ұстаздың арасынан қазылар алқасы үздік деп тапқан Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл «Әлем мұғалімі-2020» халықаралық конкурсына өтіп, 4 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы