389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында үздік мұғалімдер марапатталды

  • 237
  • UPD: 08:26, 05.10.2019
Павлодар облысында үздік мұғалімдер марапатталды

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде Ертіс өңірінің ұстаздары оқ бойы озық шыққан.

Бүгінде мектеп оқушылары республикалық, халықаралық деңгейде өтетін  білім додаларында жоғары нәтиже көрсетуде. Ғылыми жобалар сайысында Павлодар ауданының ұстаздары 14 жүлделі орынды жеңіп алыпты. Ғылыми еңбектің біреуі республика бойынша үздік танылған. Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында жоғары көрсеткішпен дараланған бірқатар мұғалімдер марапатталды. Айта кетсек, Шақат орта мектебінде  биология пәнінен сабақ беретін Сағынтай Смайыловқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табыс етілді. Тағы екі ұстаз Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды. Ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Марина Маркованың есімі аймаққа «Функционалды сауаттылықты ұйымдастыру» әдістемесінің  авторы ретінде танылған. 

Марина Маркова, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: 

- Біз жаңа форматтағы адамдарды дайындауымыз керек. Олар  өздерінің көзқарастарын білдіре алатын, жеке пікірі бар адамдар болуы қажет. Оны жүзеге асыруға үш жыл бойы оқу үрдісіне енгізіліп келе жатқан бағдарламаның  көмегі зор. Қазір еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Біздің оқушыларымыз еркін сөйлейді, ойларын бүкпесіз ашық жеткізе біледі. 

Махфура Қауметова, аудандық  білім  беру  бөлімінің  әдістеме кабинетінің меңгерушісі:

- Мұғалім әрқашанда жоғары деңдейде бағалануы керек деп ойлаймын. Мұғалімнің еңбегі өте күрделі еңбек. Өте қиын еңбек. Бірақ та осындай жақсы нәтиже болғанда мұғалімнің қуанышына шек жоқ. Көппен бірге біздің аудан ұстаздары да көптеген марапатқа бөленді. Енді оқу процесінде жалпы жаңашылдығымыз біздің қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұнына көшіп жатырмыз. Бұл жерде баланың өз өзін бағалау деген мәселе өте жоғары тұр. Себебі бүгінгі күні бала өзінің білімін, дағдысын қалыптастырып, келешекте  сол алған білімді, дағдыны өмірде қолдана білу керек деген мақсат тұр мұғалімдердің алдында.

Хабар 24 телеарнасы