389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдың аула клубтарында жүзге жуық үйірме жұмыс істейді

  • 266
  • UPD: 08:50, 05.10.2019
Оралдың аула клубтарында жүзге жуық үйірме жұмыс істейді

Оралда өнерлі өрендерді қолдауға бағытталған шаралар жыл бойы ұйымдастырылып тұрады. Бұл істе мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтарының атқаратын жұмыстары жетерлік.

Бүгінде қаланың әр аумағында ашылған 18 аула клубында 100-ге тарта үйірме жұмыс істейді. Оған қатысатын балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны 2 мыңнан асады.  Мәселен, «Бәйтерек» аула клубына келетін 100-ге тарта бала ән, би, қолөнер, шахмат пен дойбы секілді бірнеше бағытты қамтитын үйірмелерге тегін қатысады. Ай сайын өтетін есептік концерттер өнерге бейімі бар балалардың қабілет-қарымын ұштайды. Әрі оқушылар арасындағы түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алып, бос уақыттарын пайдалы іске жұмсауына жол ашады екен.

Саян Ерсайын, 6-сынып оқушысы:

- Осы аула клубына келгелі көп нәрсені үйрендім. Өлең жазуды, ән айтуды. Мен бос уақытымда осы балалардың аула клубына келіп домбыра тартамын, өлең шығарамын және ән айтамын. Мен жақында ғана Алматыда өткен 3-халықаралық «Қазақстан таланттары» атты байқауында көркемсөз номинациясы бойынша бас жүлдені иелендім. 

Нұрғаным Қазмағамбетова, «Бәйтерек» аула клубының топ жетекшісі:

- Болашақ жас өспірімдерді тәрбиелеуде маңызы өте зор. Өйткені бала бос уақытын көшеде өткізбейді. Қазіргі мына ұялы телефон немесе компьютерлік, соған өте үйір болмау үшін ықпалы зор. Аула клубында балалар өздерінің талантын шыңдайды, әртүрлі салада мұнда жұмыстанып отырмыз біздің клубта мысалы.

Хабар 24 телеарнасы