389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елодада халықаралық білім көрмесі ашылды

  • 242
  • UPD: 13:52, 05.10.2019
Елодада халықаралық білім көрмесі ашылды

Көрмеге әлемнің 50 мемлекетінен 300-ге жуық университетің өкілі келген. Олар өз оқу орындарының білім бағдарламаларын таныстырып, жергілікті жастардың сол жерде білім алуына мүмкіндік беретін жолдарды түсіндірді.

Арнайы гранттар мен жеңілдіктер туралы да сөз юолды. Көрмеге АҚШ, Ұлыбритания, мен Еуропадан және ТМД елдерінің озық университеттері келген. Білім көрмесі алдағы күндері Еліміздің бірнеше қаласында да ұйымдастырылады.  

Наталья Куделя, FHWS Шығыс Еуропа бойынша үйлестіруші:

- Назарбаев интелектуалды мектебінің түлектері жан-жақты дамыған. Ағылшын тілін жетік мегерген. Оқуға құштарлықтары да жоғары. Әсіресе физика, математика пәндерінен алғыр екенін байқадық. Биыл біздің университетімізге 30 дай қазақ студенті келді. Әлі құжат тапсырып жатқандар да бар. Жалпы біздің университеттегі шет елдік студенттер саны 150 дей болса соның үштен бірі қазақстандықтар болуы мүмкін.

Бүгінде қазақстандық студенттерге Еуропадағы 200-дей университет грант бөледі. Яғни 20 мың қазақстандықтың шет елде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар. Әзірге 150 мың отандасымыз сырт мемлекетте оқып жатыр. 2025 жылға дейін олардың саны 400 мыңға жетуі мүмкін. Бұл көрмеге келген сарапшылардың пікірі. Бүгін білім көрмесінде шет мемлекетте білім алудың жолдары ғана емес, цифрлық технология, білім жүйесін жетілдурі мәселелері талқыланды. Семинарлар мен тренингтер ертең де жалғасады. Айта кетейік, көрмеге шет елдік университетте оқуға қызығатын кез келген адам қатыса алады. 

Алмас Сатылғанов, Bolashaq Development Fund төрағасы:

- Жылда өтетін көрме. Соған қатысушылар келіп, қай мемлекетке барамын десе сол университеттермен қарым-қатынасып, олардың керекті кеңесін алып болашақта сол мемлкетттерге баруына мүмкіндік туып жатыр. Былтырдың өзінде 5 мың қазақ студенті шетке кетіп шетелдік университтетріне түсіп қазіргі күнде оқып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы