389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 25 мыңнан астам мұғалім кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр

  • 197
  • UPD: 10:41, 06.10.2019

Жамбыл облысында орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Қалмаханова халықаралық «Әлем мұғалімі» байқауына қатысу үшін іріктеу кезеңінен өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп ол ең үздік он мұғалімнің қатарына кірді. Бұл аймақ мұғалімдері жетістігінің біреуі ғана. Қазір өңірде 25 мыңнан астам мұғалім өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.

Айгуль Қалмаханова өзінің еңбек жолын осыдан 22 жыл бұрын бастаған. Жоғарғы оқу орнын бітірген бойжеткен бірден туған ауылы Ақбұлымға аттанады. Осындағы Беспаев мектеп-гимназиясында он шақты жыл орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Тәжірибелі мұғалім бірнеше талантты шәкірт тәрбиелеп шығарады. Өзі де республикалық «Үздік мұғалім» байқауының жеңімпазы. Енді міне, халықаралық «Әлем мұғалімі» байқауына қатысу үшін іріктеу кезеңінен өтті. Қазір ол үздік ондыққа кірді. Білікті ұстаз «алдымен сіз өзіңіз сабақ беретін пәнді, сосын оқушыңызды жақсы көруіңіз керек. Сонда ғана сіз үлкен жетістікке жетесіз», дейді.

Айгүл Қалмаханова, мұғалім:

- Кейбір оқушыларымның менің жолымен жүргеніне қуаныштымын. Мен шәкірттеріме тек орыс тілі мен әдебиетін сүюді ғана үйреткен жоқпын, өмірді сүюді үйреттім. Яғни, қазіргі кезде мұғалімдердің алдында балаларға XXI ғасырдың дағдыларын үйрету міндеті тұр.

«Ұстаз – адам тағдырының инженері», - дейді тәжірибелі мұғалім. Айгүл Базарбайқызы әр оқушыға ерекше ықыласпен қарайды. Ал мұғалім мамандығын құштарлық пен жүрек қалауы деп есептейді.

Ал Марина Кириченко саналы ғұмырының 32 жылын бала тәрбиесіне арнаған абзал жан. Ол ұстаздық ете жүріп, көптеген биіктерді бағындырған. «Ұстаз үшін баланың күлкісі мен қуанышынан асқан бақыт жоқ», - дейді ол.

Марина Кириченко, №7 гимназияның мұғалімі:

- Мұғалімнің жүрегі тыныш болуы керек. Ол бала тәрбиесіне атүсті қарамауы тиіс. Себебі, сабаққа деген махаббат кез келген уақытта ашылуы мүмкін. Егер мұғалімде баламен байланыс, сыйластық, құрмет болса, онда балада сабаққа дегенде махаббат пайда болады. Барлық пәнді оңай түсінеді.

Салтанатты жиында Жамбыл облысының мұғалімдері өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Үздіктері ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ал өнерлі оқушылар ұстаздарына арнап ән шырқады.

Галина Полихрониди, №40 гимназияның мұғалімі:

Үкіметтің бізге назар аударып, біздің мәртебемізді анықтап бергені қуантады. Құрметті ұстаздар барлықтарыңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Жамбыл облысында 25 мыңнан астам мұғалім өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Олардың төртеуі биыл республикалық «Үздік мұлғалім» байқауының жеімпаздары.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Анастасия Сүлейменова, Бакытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы