389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы филипиндік мұғалім қазақ тілінде ән айтады

  • 179
  • UPD: 13:11, 06.10.2019

Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Фоман де Лакруз Атырауда жұмыс істеген аз жылда әріптестері мен оқушылар арасында үлкен беделге ие болған ұстаз.

Математика пәнінің маманы, қазақ тілінде амандасып, керек болса, нақышына келтіріп ән де орындап береді. Шетел азаматының қазақ тілі мен өнеріне деген құштарлығы ұжым алдындағы абыройын асқақтатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде филипиндік мұғалімнің орындауында 20-ға тарта қазақ әні бар.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Фоман де Лакрузаның әр жұмыс күні осылай басталады. Тәжірибелі ұстаз бұл қазақ тілді аудиторияны баурап алудың басты кепілі деп біледі. Әдетте математика қиындау пән екені даусыз. Оны сәби санаға сіңіру үшін осындай әдіс тиімді көрінеді. Және ол жеміссіз де емес. Атырауда еңбек еткен алты жыл ішінде шетелдік ұстаз 200-дей шәкіртті алдынан өткеріпті. Бала жанын тап баса білген мұғалімге оқушылар да дән риза

Аслан Абдолов, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

Мистер Фоман сабақтың үстінде бізге түсінікті болуы үшін барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысады. Ал біз өз кезегімізде ол кісіден барынша ағылшынша сөздерді үйреніп, сөздік қорымызды молайтуға тырысамыз.

Сабақтан бос уақытта ізденімпаз ұстаз оқушыларынан қазақ тілін үйреніп, қазақ әндерін орындауды ұнатады. Оның табиғи таланты тіліндегі мүкістікті байқатпай, керісінше сазды әуенге ерекше рең беретіндей.

Фоман де Лакруз, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:

- Менің шәкірттерімнің білімге деген құштарлығы керемет. Олардың көпшілігі бірнеше тілді меңгерген. Ал туған тілдерін қастер тұтады. Соның арқасында менің де қазақ тіліне деген құлшынысым оянды. Мен Қазақстан секілді көп ұлтты, ынтымағы жарасқан елде жұмыс істегенімді мақтан тұтамын

Назарбаев зияткерлік мектебінде Фоман де Лакрузадан өзге 7 шетелдік мұғалім еңбек етеді. «Олардың барлығы да өз ісінің нағыз мамандары», - дейді мектеп басшылығы.

Айдарбек Айтпөкешев, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

- Біз оларды халықаралық ұстаздар деп санамаймыз. Өйткені зияткерлік мектептің бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлеуетін дамытуға бағытталған мақсатымызды бірге орындауға күш салып отырған әріптестер деп білеміз.

Ұстаздар күні қарсаңында Назарбаев зияткерлік мектебенінң оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бүгін мұғалімдер оқушылардан үй тапсырмаларының жауабынан өзге шәкірттердтік ыстық лебіз бен гүл шоқтарын қабылдады. Ұстаз үшін ең ерекше сыйлық та осы болуы керек.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы