389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ұстаздар қауымын ұлықтады

  • 178
  • UPD: 21:53, 06.10.2019

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұстаздар қауымын ұлықтады. «Жастар жылы» аясында Елбасы тапсырмаларын орындау және оларды жүзеге асыру мақсатында жыл басынан бері ауқымды іс-шаралар өткізіп келгені белгілі.

Соның бірі бірінші курс студенттеріне арнап, дәстүрлі «Белес» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсат профессор-оқытушылардың кәсіби мәртебесін асқақтату, жастардың қоғамда қалыптасып, дамуына ықпал ету. Жиынға мемлекет, қоғам қайраткерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, депутаттар қатысып, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилёв атындағы ЕҰУ проректоры:

- Бұл шараның «Белес» деп аталуының өзі біз жаңа қабылданған студенттерге, жаңа форматта ұстаздар мен білім алушылар арасын жақындатқымыз келді. Бір жағынан студенттердің немесе талапкерлердің жаңа белесі 1-курсқа қабылданып отыр. Екінші жаңа толқын келді. Жаңа толқынмен профессор доценттеріміз қалай табысады. Қалай тіл табысады. Немесе жаңа ғылымды, жаңа білімді қалай түсіндіре алады. Осы бағытта ұйымдастырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы