389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мұғалім құқығын талқылады

  • 189
  • UPD: 13:41, 08.10.2019
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мұғалім құқығын талқылады

Мұғалім өз құқығын өзі қорғай білуі керек. Сонда ғана мерейі үстем болады. 

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған шараға жиналғандар осылай дейді. Жиынға алыс-жақын шет елдердің кәсіподақ басшылары да қатысып, қазіргі педагог мәртебесі, білім кәсіподақтарының проблемасын талқыға салды. Сала мамандарының айтуынша, сапалы білімді талап етпес бұрын, ұстаздардың еңбекақысын көтеру керек. Себебі мұғалім шәкірт тәрбиелеуден өзге проблемаға алаңдамауы тиіс. Сондай-ақ мамандар білім кәсіподағының 2019-2024 жылдарға арналған қызмет бағдарламасын айқындамақ. 

Майра Амантаева, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

- Білім саласының сапасын арттыру. Ендеше сол білім сапасын арттыратын кім. Әрине ұстаздар қауымы. Ендеше олардың жағдайы әр мемлекетте әр түрлі. Мұғалім өзі сауатты болу керек. Өз-өзін сыйлата білу үшін сыйлы болуы керек. Лайықты еңбекке, лайықты еңбекақы болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы