389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық білім сайыстарында жеңіске жеткен оқушыларға мемлекеттік грант беріледі

  • 481
  • UPD: 20:08, 10.10.2019
Халықаралық білім сайыстарында жеңіске жеткен оқушыларға мемлекеттік грант беріледі

Яғни, тегін оқу мүмкіндігіне іріктеусіз ие болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Педагог мәртебесі» туралы жаңа заң жобасына осындай өзгеріс енгізілген. Бүгін Сенат отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірқатар жаңашылдықтарға тоқталды.

Мәселен, магистрлік немесе phD дәрежесіне ие мұғалімдердің жалақысы 25%-ке өсетінін айтты. Сондай-ақ аудандық білім бөлімдерінің жетекшілерін жергілікті әкімдер емес, облыстық білім басқармасының басшылары тағайындайды.

Айта кетейік, заң жобасы Сенаттың алдағы жалпы отырыстарында қаралуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы