389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Жошы ұлысының 750 жылдығына арналған конференция өтті

  • 118
  • UPD: 23:08, 10.10.2019

Бүгін Атырауда «Рухани жаңғару» жобалық кеңсесі мен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекетілігінің бастауында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Түркия, Қытай, Германия және Ресейдің тарихшылары келіп қатысты. Мамандар ұлы дала өркениеті мен мемлекеттілігінің қалыптасу дәуірлерін сарапқа салды.

Жошы ұлысы Ертістен бастап сонау Дунай өзендеріне дейінгі аралықты иеленген алып империя болғандығы тарихтан белгілі. Бірнеше мемлекеттің ғалымдары қатысқан конференция жұмысында кезінде әр елде сақталған тарихи деректер мен құжаттар мен сарапқа салынды.

Дүйсенәлі Әбіләшімұлы, Пекин орталық ұлттар университетінің өкілі (ҚХР):

- Қазақ хандығының тарихы, оның мәдениеті, оның болмысымен өткен-кеткенін қайта бір пысықтау, яғни қазақ хандығы туралы тарихи деректерді қайта жазу үшін аса маңызды конференция деп қарауға болады. Өйткені ғалымдар келді, олардың өзінің әр тақырыбы ба,р оларды ортаға салғаннан кейін оны оқырман немесе ғалымдар өзі қажетіне сай пайдалаунуға болады.

Қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі Атырау облысындағы Сарайшық шаһарынан басталса, Жошы империясы хандарына астана болған бүкіл Еуразия құрлығындағы ең ірі қалалар қазіргі  Ресей Федерациясының аумағында орналасқан. Ресейлік ғалымдар да бүгін өз мұрағаттарында сақталған құжаттармен бөлісті.

Роман Почекаев, Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университетінің өкілі (РФ):

Тарихи деректерді жаңғыртуда өте маңызды халықаралық конференция. Оның өзінде тарихи деректер мен ежелгі қала орындары сақталған аймақтарда өтуі көңілімізден шықты. Өйткені тек тарихи құжаттар ғана емес, заманында аса қуатты болған мемлекеттердің географиялық ауқымында анықтап береді.

Бес мемлекеттің тарихшы ғалымдары бас қосқан келелі жиында көптеген тарихи тың деректер бүгін алғаш рет көпшілікке таныстырылды. Болашақта бұл құжаттар арнайы зерттеліп, топтастырылып қалың оқырманға ұсынылатын болады. Сондай-ақ Алтын Орданың астаналары орналасқан аймақтармен бірлескен этнотуристік бағдарламаларды жүзеге асыру да жоспарланып отыр.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы