384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үздік педагогтар марапатталды

  • 391
  • UPD: 23:16, 16.10.2019
Алматыда үздік педагогтар марапатталды

Алматыда республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның басты шарты бойынша педагогтар өздерінің ұлттық орталықта алған білім тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп, бейнедәрістер өткізуі керек. Жалпы бұл біліктілікті арттыру шарасына мектепке дейінгі тәрбие, орта білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының ұстаздары қатысты. Байқаудың үздіктерін анықтау үшін білікті педагогтардан құралған сараптамалық топ құрылған. Олар 100-ден астам мұғалімнің сауаты мен сабақ өткізудегі ерекшеліктерін бағалайды. Бүгін байқау жеңімпаздары арнайы диплом, сертификаттармен марапатталды.

Майра Белгібаева, қалалық педагогикалық қызметкерлерлердің біліктілігін арттыру институтының зертхана меңгерушісі:

- Жалпы Алматы қаласы бойынша барлық білім деңгейлерімен 100-ден астам өтінімдер келіп түсті. Енді оның ішінде іріктелген жұмыс саны – 67. Осы 67 жұмысты біз республикалық кезеңге жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы