426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің таңдаулы 40-қа жуық университеті ақтөбеліктерге білім грантын ұсынды

  • 752
  • UPD: 14:43, 17.10.2019

Әлемнің ең таңдаулы 40-қа жуық университеті ақтөбеліктерге білім гранттарын ұсынды. Оның арасында АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азияның жоғарғы оқу орындары бар.

Облыс орталығында халықаралық көрме өткізген білім ордаларының өкілдері оқуға түсудің жолдары мен ұсынылатын жеңілдіктер, стипендия бағдарламаларын туралы түсіндірді. Ұйымдастырушылар айтуынша, бүгінде 200-ге жуық еуропалық университеттер қазақстандықтарға гранттар бөлуге дайын. Ал бүгінгі күні 150 мың отандасымыз шетелдерде білім алуда. Бұл көрсеткіш алдағы бес жыл ішінде еселене түспек.

Мақсұт Молынбай, «Bolashaq Development Fund» коммерциялық емес ұйымының баспасөз хатшысы:

- Бұл ЖОО өкілдері тек қана ақылы түрде емес және өздерінің гранттарын да ұсынып отыр қазақ жастарына. Қазіргі таңда қарап отырсақ, 20 мыңға жуық гранттар бар. Ол гранттар негізі әртүрлі категорияға бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы