388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды

  • 161
Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды.

«Мектептерге күн энергиясы» жобасы биыл екінші жыл қатарынан іске асырылып жатыр. Қазір мұндай станциялар Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларында жұмыс істеп тұр. Қуаты 100 Квт/сағат болатын фотоэлектрлік күн панельдері мектептің жылдық энергия тұтынуының 20 процентін үнемдейді екен. Ал артық өндірілген электр энергиясын қалалық желіге жіберуге мүмкіндік туады. Инновациялық жобаның шәкірттерге экологиялық тәрбие беруде маңызы зор. Жоғарғы сынып оқушылары қазірдің өзінде жасыл экономика аясындағы жобалармен айналысуда.

Өмірғали Бекешев, физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:

- Бұл енді қаржы жағынан ұтымды проект болғанымен, біздер физика пәні мұғалімдері ойлаймыз оқушыларға шығармашылық ғылыми жобаларға қызығушылығын көтереді деп ойлаймыз. Мысалға осы мектептің түлектері, мысалы Талапов Әзиз деген баламалы энергияны көзін іздеу жолында өзінің жақсы жобаны тапты. Қазір енді патент алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы