388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ өкілі оқулықтардың сапасыздығы мен қателерге қатысты пікір білдірді

  • 252
  • UPD: 16:25, 17.10.2019
ҚР БҒМ өкілі оқулықтардың сапасыздығы мен қателерге қатысты пікір білдірді 365info.kz

Мектеп оқулықтарының сапасы мен онда орын алатын қателіктерге қатысты білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қаншалықты оқулықтың сапасы бойынша жұмыс істеп жатсақ та, өкінішке қарай, сапасыз дүниелермен біз де кездесіп жатырмыз. Оның ішінде техникалық қателіктермен қатар кейбір жағдайларда түсініспеушілік туындап жатады. Мысалы, бүгінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқулықтар мүлдем өзгертілген деп айтуға болады. Онда көбінесе функционалдық сауаттылыққа басымдық берілген. Жалпы мектеп оқулығы басылып шыққанға дейін 5 сараптамадан өтеді. Иә, бүгінгі кітаптарда жіберіліп жатқан қателер бар екенін көріп отырмыз», – деді Ш.Каринова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министрдің орынбасары оқулық жетіспеушілік мәселесін сөз етті.

«Біз жыл сайын бірнеше сыныптарға оқулықтар сатып аламыз. Биылғы оқу жылында 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтар жаңадан сатып алынды. Олардың барлығы толығымен мектептерге жеткізіліп, оқулықпен қамтылды. Сондай-ақ бюджеттен 20 пайызға дейінгі мөлшерде басқа сыныптардың оқулығын сатып алу қарастырылған. Өңірлердегі оқулық тапшылығы мәселесі осы арқылы шешіледі. Сонымен қатар оқулық жетіспейтін өңірге инвентаризация жасау арқылы жеткізіледі. Бүгінгі оқулықтармен өңірлердегі мектептер толығымен қамтылған», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы