418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл мектептеріне интернет қашан қосылатыны белгілі болды

  • 903
  • UPD: 12:11, 21.10.2019
Ауыл мектептеріне интернет қашан қосылатыны белгілі болды капитал.кз

Еліміздегі ауыл мектептері 2020 жылдың соңына дейін интернетпен толық қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице- министрі  Марат Нұрғожин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты.

«Осы жылдың соңына дейін облыстық және аудандық мектептер 100 пайыз интернетпен қамтылады. Ал 2020 жылдың соңына дейін барлық ауыл мектептері интернетке қосылатын болады. Бізде осындай міндеттер тұр», - деді Марат Нұрғожин.

Сонымен қатар қазіргі уақытта еліміздегі мектептердің 93 пайызы секундына 4 мегабит жылдамдықты интернетке, ал мектептердің 73 пайызы Wi-Fi желісіне қосылғанын айтып өтті.

Айта кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда интернетке әлі күнге дейін қосылмаған 93 мектеп бар.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы