385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жаңартылған оқу жүйесі ата-аналарды қанағаттандырмайды

  • 254
  • UPD: 19:18, 22.10.2019
Еліміздегі жаңартылған оқу жүйесі ата-аналарды қанағаттандырмайды

Еліміз бойынша жаңартылған білім беру жүйесінің кей тұстары ата-аналардың көңілінен шықпай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағдарлама бойынша оқушылар берілген тапсырмалардың басым бөлігін өзі орындауы тиіс. Ал ата-аналар «мектеп қабырғасында атқарылуы тиіс дүниені мұғалімдер біздің мойнымызға іліп қойды», - дейді. Жаңадан енгізілген әр тоқсан аяғындағы емтихан немесе оқушылардың алған білімдерін қорытындылау секілді реформаларға да ата-аналардың көпшілігі түсіне алмай дал. Көпшілік жаңа бағдарламалар оқушыға қосымша күш жүктейді деген пікірде.

Баян Жанғалиева, қала тұрғыны:

-Жаңартылған оқу жүйесіне әзірге менің көңілім толмайды. Бұрын оқушылардың білім дәрежесіне қарай баға қойылатын еді. Қазір ол жоқ. Баға қойылмағасын оқушының білім алуға деген ынта-ықыласы төмендеп кететін сияқты. Бағалау жүйесі көз алдымда болмаған соң өзім де баламның білім дәрежесін қадағалай алмай отырмын.

Хабар 24 телеарнасы