388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ ұлттық университетінде оқу-шығармашылық зертхана ашылды

  • 194
  • UPD: 23:38, 25.10.2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу-шығармашылық зертхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Журналистика факультетіндегі бұл аудиторияда студенттер шығармашылығын шыңдайды. Салтанатты шараға «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы мен университет басшылығы қатысты. Газеттің президенті Дархан Қыдырәлі мен білім ордасының ректоры Ғалымқайыр Мұтанов өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Зертханада жас журналистерге мақала-очерк, эссе жазу сияқты журналистика жанрлары оқытылады. Жүз жылдық тарихы бар газеттің білікті журналистері дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліседі.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, Қазақстанның құрметті журналисі:

- Қалам ұстаған журналистердің ұстанаханасы ғой. Осы жерден оқыдық, тілімізді ұстарттық, осы жерден бағыт-бағдар алдық. Сондықтан қасиетті шаңыраққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы