388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудың мектептерінде психологиялық көмек кабинеттері ашылды

  • 137
  • UPD: 17:37, 27.10.2019
Атыраудың мектептерінде психологиялық көмек кабинеттері ашылды

Атыраудағы орта білім ордаларында психологиялық кеңес беру кабинеттері ашыла бастады.

Әзірге 6 мектепте жұмысын бастаған орталықтар мектеп оқушыларымен қатар ересектерге де кеңес береді. Мектеп маңындағы мөлтек аудандардың тұрғындары да осындағы психолог мамандардың көмегіне жүгіне алады. Қабылдауға тікелей қабылдаудан бөлек сенім телефоны арқылы да дағдарыстан қалай шығу жөнінде ақыл-кеңес алуға болады. Психологтар күніне 40 адамға дейін қызмет көрсетуге дайын.  

Аңсағаным Құспанова, психолог:  

- Жасөспірімдік кезеңде баланың депрессияға түсу барысында біз психологиялық тұрғыдан көмек ұсынамыз. Ол жерде баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып, баламен психологиялық жұмыстар атқарамыз. Оның көмегі өте көп бала үшін, жалпы ата-ана үшін де мәселелерін шешіп алуға және өздерінің арадағы қарым-қатынастарын дұрыстауға осы біздің орталық көмегін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы