388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда оқушылар арасында робототехникадан республикалық чемпионат өтеді

  • 212
Нұр-Сұлтанда оқушылар арасында робототехникадан республикалық чемпионат өтеді

30-31 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Astana IT университетінде оқушылар арасында робототехникадан «IITU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары робототехника саласындағы чемпион атану үшін бір сайыс алаңына жиналады. Бес ай бойы 30 мектеп өкілдері Arduino микроконтроллер негізінде екі роботты әзірлеумен айналысты, олардың негізгі мақсаты – белгілі бір уақыт ішінде ойын алаңында берілген командаларды орындау, атап айтқанда: ақылды қала қызметіне көмектесу, нақтырақ айтқанда, қала тазалығын сақтау, саябақтардағы, шағын бақтардағы гүлзарларды күту, тез дайындалатын тағамдарды жеткізу, жүргізушісіз такси және гид қызметін көрсету.

«Оқушылар арасындағы «IITU Robocon Games» жарысы дарынды жастарды анықтап ғана қоймай, робототехниканы дамытып, робот жасаудың халықаралық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді», – дейді инновациялық техникалық колледж директоры Медет Тұрғамбаев.

Arduino негізіндегі роботтарды жасау балаларға роботтарды құрастыру, электрониканы пайдалану және бағдарламалауға дейінгі толық циклын үйретеді. Мұндай өңдеу Lego EV3 конструкторы негізінде роботтарды құрастырудан әлдеқайда күрделі және STEM-білім беру қағидаларына сәйкес келеді (S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, яғни жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика). Қазақстандағы STEM-білім беруді дамыту -  «Шеврон» компаниясының басты мақсаттарының бірі.

«Бес жыл ішінде робот жасау бойынша чемпионат жас қазақстандықтардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына өз үлесін қосты. Жарыстың көптеген қатысушылары қазақстандық және шет елдік жетекші ЖОО-ға түсті. Чемпионатқа әртүрлі жастағы мектеп оқушылары қатыса алады және өздерінің ерекше роботтарын жасау кезінде қатысушыларда soft skills дағдылары қалыптасады. Қазіргі кезде оны болашақ дағдысы деп те атайды. Оған  топта жұмыс істеу, жаңаша ойлау, қызметтік сауаттылық, өзгерістерге тез бейімделу және т.б. жатқызуға болады. Бұл – чемпионаттың негізгі мақсаттарының бірі», – деп мәлімдеді «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар, сондай-ақ Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде (ХАТУ) және  Astana IT university-де (AITU) оқуға гранттар мен жеңілдіктер алады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Astana IT university (Мәңгілік ел даңғылы, С1).

Хабар 24 телеарнасы