385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі он жоғары оқу орнына тексеріс жүргізіледі

  • 229
  • UPD: 16:31, 08.11.2019
Еліміздегі он жоғары оқу орнына тексеріс жүргізіледі

Қараша айының соңына дейін ҚР БҒМ білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті еліміздегі 10 жоғары оқу орнына тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда 3 ЖОО-дағы тексеру жұмыстары аяқтала келді. Атап айтсақ, «Қайнар» Академиясы, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Азаматтық авиация академиясы. Заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда, әкімшілік айыппұл салу және білім беру қызметі бойынша лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралатын болады. Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 білім ошағында тексеру жұмыстары жүргізіледі», – делінген хабарламада. 

Хабар 24 телеарнасы