384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Қазақ ұлттық университетінің ректорын қабылдады

  • 275
  • UPD: 17:47, 13.11.2019

Елбасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев жоғарғы оқу орнын дамыту және халықаралық беделін өсіру керектігін айтты. Әсіресе, ғылым саласына жіті мән беру қажет деді. Оқытушылардың біліктілігін арттырып, студенттерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Кездесуде қосымша жатақханалар салу мәселесі де қарастырылды. Ал университет ректоры әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына дайындық барысын баяндады.

Хабар 24 телеарнасы