384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның жоғары оқу орындарында португал тілін үйрету мәселесі талқыланды

  • 223
  • UPD: 17:56, 19.11.2019
Қазақстанның жоғары оқу орындарында португал тілін үйрету мәселесі талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Камоэнш» португал халықаралық ынтымақтастық және тіл институтының Президенті Луиш Фару Рамошты қабылдады.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Л.Фару Рамош әлемде Португалия мәдениеті мен тілін жылжыту үшін Португалия Сыртқы істер министрінің қамқорлығымен құрылған «Камоэнш» институтының қызметін ұсынды. Тараптар келесі оқу жылының басынан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында португал тілін оқыту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру үшін өзара іс-қимылдың мүмкін болатын тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

Қазақстанда португал тілін ілгерілету мәселесі басқа португал тілінде сөйлейтін ел, Бразилиямен бірлесіп жүргізілетінін атап өткен жөн.

Р.Василенко жуырда Лиссабонда ҚР Елшілігінің ашылуын және ҚР Елшісінің тағайындалуын айта келе Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының қажеттілігі үшін португал тілді кадрларға деген қажеттіліктің артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, ол Қазақстанда төрт құрлықта таралған португал тілін оқытуды енгізу бойынша қарсы әріптестердің күш-жігерін қолдады.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды. Тараптар ынтымақтастықты тереңдету үшін, атап айтқанда, жастар саясаты, ғылым және технологиялар, мәдениет және спорт, сондай-ақ масс-медиа сияқты бағыттарда шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттілігі туралы түсінушілікке келді.

Сапар аясында португал дипломаты ҚР Білім және ғылым министрлігі, Мемлекеттік басқару академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығымен кездесулер өткізіп, сондай-ақ ЕҰУ студенттеріне «Бейбітшілік үшін тіл, әлем бір тілде» тақырыбында дәріс оқыды.

Хабар 24 телеарнасы