384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында мектеп бухгалтерлері 40 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

  • 191
  • UPD: 08:34, 22.11.2019
Атырау облысында мектеп бухгалтерлері 40 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Атырау облысы Жылыой аудандық білім беру бөлімінен былық шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектеп бухгалтерлері 40 миллион теңгеден астам қаражатты қалтасына басқан көрінеді. Аудиторлар жалпы білім беретін 16 мектепке бөлінген республикалық қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы салдарынан 23 млн теңгенің заңсыз жұмсалғанын анықтады. Тексеру барысында бухгалтерлік есепке тіркелуі тиіс мәліметтерді жасырудың 9 дерегі белгілі болды. Атап айтқанда: бір мектептің есепшісі жалақыны негізсіз төлей отырып, 2017-2019 жылдары өзінің жеке есеп-шотына 23 миллион теңге аударып алған. Тағы бір мектептің есепшісі қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған 18 миллион теңгені қолды қылыпты.

Асылан Құмаров, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі:

– Бұдан басқа да қаржы жұмсау барысында заң бұзушылық фактілері анықталды. Мәселен, іс-сапар шығындарын артық есептеу, мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзу, мемлекеттік мүлікті пайдаланбау. Осылардың қорытындысымен әкімшілік хаттама толтыру үшін 39 материалды өкілетті органдарға жолдап, 2 млн астам айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы