384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда роботты техникадан жарыс өтті

  • 343
  • UPD: 15:21, 22.11.2019
Нұр-Сұлтанда роботты техникадан жарыс өтті

Жастар мен жасөспірімдер арасында техникалық шығармашылық және инженерлік кәсіптің беделін арттыру мақсатында Robofest-2019 жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға оқушылардың қызығушылығы жоғары. Жылдан-жалға қатысушылар саны артуда. Биыл 170-тен аса оқушы қатысты. Өздері робот құрастырып, оны бүгінгі жарыста сайыс алаңына шығарады. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл баланың уақыты бос өтпеуіне және техникалық қырларын дамытуға көмектеседі.

Талант Төребеков, қазылар алқасының төрағасы:

– Мерзімі регламентке байланысты. Барлық мектептерге бір уақытта жарнама таратылады. Оқушылар 1 айдың ішінде ұстаздарымен дайындалып сайтқа тіркеледі. Содан кейін осында келіп қатысады.

Хабар 24 телеарнасы